Алматыда «Жолда қабылдау» республикалық акциясы өтіп жатыр

/uploads/thumbnail/20170708201400399_small.jpg

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда дәстүрлі «Жолда қабылдау» республикалық алдын алу акциясы басталды. Ол әр үш ай сайын өтіп тұрады.
«Бұл шараның мақсаты - азаматтарымыздың әр түрлі сала бойынша құқықтық сауатталығын арттыру. Сол үшін бүгін осы акция аясында Алматы қаласы бойынша бес муниципалдық автобус халық көп шоғырланатын жерлерге қойылды. Әрбір автобуста  жол полициясының өкілі, жергілікті учаскелік инспектор, заңгер, «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалы мен аудандық әкімдіктің өкілдері және жаңа электронды билеттендіру жүйесі бойынша маман жұмыс істейді. Олар өздеріне қатысты қандай да бір мәселемен келген азаматтардың сұрақтарына жан-жақты жауап береді. Егер жауап бере алмасақ, онда сұрақты жазып алып, кейін жауап дайын болған соң, оны азаматқа телефон арқылы немесе «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалының қоғамдық қабылдауына шақырып айтатын боламыз», - деді өз сөзінде «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Нұрланбек Әжібаев.

Сонымен қатар, ол азаматтардың мамандарға көп жағдайда құқықтық мәселелер бойынша жүгінетіндігін жеткізді.

«Егер тәжірибеге сүйеніп айтар болсақ, азаматтар көбінесе құқықтық мәселелер бойынша жүгінеді. Мысалы, жол-көлік апаты, жол қозғалысы ережесінің бұзылуы, жер, пәтер және сот мәселесі бойынша сұрақтар қояды. Бізде ешқандай сауал жауапсыз қалмайды», - деді Н. Әжібаев.

Айта кетелік, бұған дейін өткізілген акция барысында Алматы қаласының үш ауданы қамтылған болатын. Бұл жолы барлық сегіз аудан қамтылып отыр. Осы мақсатта бес муниципалдық автобус сыртына «Жолда қабылдау» деп жазылған ақпараттық плакатпен рәсімделді. Олардың бірі Әуезов және Алатау аудандары бойынша  - «Магнум» сауда үйінің маңына, екінші автобус Бостандық ауданы бойынша - «Атакент» іскерлі орталығы, үшінші автобус Жетісу ауданы бойынша «Адем» сауда үйі, төртінші автобус Медеу және Алмалы аудандары бойынша  Пушкин мен Мақатаев көшелерінің қиылысына және бесінші автобус Наурызбай ауданы әкімдігінің маңына қойылды. Шара бүгін кешкі сағат 17:30-ға дейін жалғасады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бүгін кешке қарай 1000-нан аса адам «Жолдау қабылдау» акциясына қатысады де күтілуде.  Ал жыл басынан бері Алматыда 3000-нан астам адам жүгінген. 

Дереккөз. Қазақпарат

Оставить комментарий

Связанные Статьи