Ақмола облысының Оразақ ауылында пайдалануға берілген үйлер саны 46-ға жетті

/uploads/thumbnail/20170708201401977_small.jpg

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Оразақ ауылында пайдалануға берілген үйлердің саны 46 жетіп, әзірге барлығы 92 отбасы пәтерлер иеленді. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Сергей Кулагиннің өңірге сапары барысында белгілі болды.
Бұл осы ауылда табиғат апатынан баспанасыз қалғандарға салынып жатқан екі пәтерлі 100 үйдің жартысына жуығы. Қазіргі кезде қалған үйлердің құрылысы қызу жүргізілуде. 

Сонымен қатар тасқын судан зардап шеккен тұрғындар үшін Ақмол және Қосшы ауылдарында да екі-екіден 45 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр.

Ауданға жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Сергей Кулагин аталған үйлердің құрылысына назар аударып, жұмыста ширатуды тапсырды.

«Күн суытып барады. Сондықтан уақыт тығыз, жұмысты ширатуымыз керек. Бұған тұрғындар да қарап отырмай қолғабыс жасағаны абзал. Қосымша жұмыс күші ретінде 50 курсантты тартып отырмыз. Әзірге 46 үйді пайдалануға бердік. Бұл 92 отбасы пәтерлі болды деген сөз. Ал қалған үйлер қарашаның 15-іне дейін толық берілуі керек», - деп атап өтті облыс әкімі.

Еске сала кетсек, биылғы жылғы көктемгі су тасқынынан Ақмола облысындағы бірқатар елді мекенді су шайып кетіп, халықты біраз әбігерге салғаны белгілі. Соның ішінде Целиноград ауданы ең көп зардап шекті. Аудан бойынша барлығы 300-ге жуық баспана жарамсыз болып қалса, оның 200-і - Оразақ ауылындағы үйлер. Ағымдағы жылдың 15 қыркүйек күні тасқын судан ең көп зардап шеккен Оразақ ауылында 20 үй пайдалануға беріліп, 40 отбасы пәтерлі болған еді.  

Дереккөз: Қазақпарат

Оставить комментарий

Связанные Статьи