АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасының аясында 76 миллиард теңгеге 33 жоба жүзеге асырылып жатыр.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің Атырау филиалында өткен брифинг барысында облыстық әкімдіктің Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Лариса Жұмағалиева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпараттың Атырау облысындағы тілшісі А. Соколов.
«Атырау облысы 2015 жылдан мұнай-газ өнеркәсібіне арналған сервистік қызметтер бойынша ұлттық кластерінің орталығы болып Атырау қаласының белгіленген. Аталған бағдарламаны жүзеге асыру үшін мыңдаған жұмыскерлер мен мамандар тартылмақшы. Бір ғана «Теңізшевройл» ЖШС үшінші буын зауытының құрылысы барысында 20 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылмақ, ал зауыт пайдалануға берілген кезде 500 қызметкерді жұмысқа алады», - деді басқарма басшысы.
Л. Жұмағалиеваның айтуына қарағанда, облыста индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасының аясында 76 миллиард теңгеге 33 жоба жүзеге асырылып жатыр. Бүгінгі күні экономиканың түрлі салаларында 2,5 мың жаңа жұмыс орны ашылған.
«Өткен жылмен салыстырғанда шағын және орта бизнес бір пайызға өсіп, халықты жұмыспен қамту 5,6 пайызға ұлғайған. Кәсіпкерлер арасында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы үлкен сұранысқа ие. Сондай-ақ ауылдағы кәсіпкерлерге облыстық бюджеттен де қаражат бөлінуде», - деді облыстық әкімдіктің Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Лариса Жұмағалива.
Алдағы уақыттары Атырау облысында әйелдер арасындағы кәсіпкерлік қаржыландырылмақ. Бұл үшін Азия даму банкі бір миллиард доллар бөлген.
Аймақта «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын жүзеге асыру да жалғасып жатыр. Бұл бағдарламаға республикалық бюджеттен үш бағыт бойынша 1 млрд. 227 млн. теңге қаражат бөлінді. Бұл бағдарлама облыста сәтті жүзеге асырылуда.
Дереккөз. ҚазАқпарат
Оставить комментарий