АСТАНА. ҚазАқпарат - Республикалық «Қамқорлық» айлығының аясында Еуразиялық Топ (ERG) құрамына кіретін Еуроазиялық энергетикалық корпорациясы 1300-ден астам бұрынғы қызметкерлерін құттықтап, оларға құрмет көрсетті.
Зейнеткерлер үшін мерекелік шаралар ұйымдастырылып, азық-түлік пакеттері беріліп, материалдық көмек көрсетілді, сонымен бірге, корпорацияның сауықтыру мекеніне тегін жолдамалар сыйға тартылды. Осы шараларға өндіріс орны 10 млн теңгеден астам жіберді, деп Еуразиялық энергетикалық корпорацияның баспасөз қызметі.
- Кәсіпорнымыз зейнетке шыққан қызметкерлерін әрқашан есте сақтайды, оларға көмек көрсетеді. Кәсіподақ комитеті, ардагерлер және жастар кеңестері, цехтардың кәсіподақ комитеттерінің төрағалары бұған зор үлес қосты. Біздің жұмыскерлеріміз ардагерлерге келіп, үй шаруашылығына қолғабыс жасайдфы, мерекелерде құттықтайды. Айлық аясында жасап жүрген істеріміз - бір жылда жүргізілген жұмысыныңаз ғана бөлігі, - дейді «ЕЭК» АҚ-ның вице-президенті Татьяна Носачева.
Күздің басында 200 зейнеткер Баянауылдағы «Жасыбай» демалыс орнынан демалып келді. Олар үшін арнайы бағдарлама әзірленіп, концерт, сайыстар, экскурсиялар өткізілді. 1343 зейнеткер үшін ЕЭК материалдық көмек көрсетіп, азық-түлік пакеттерін таратып, кәсіпорынның балық шаруашылығынан тұқы балығын бөлді. Ақсу, Екібастұз және Павлодар қалаларындағы ЕЭК 70 ардагері кәсіпорынның сауықтыру орнына тегін жолдама алды. Бұған компания тарапынан 3,5 млн теңге бөлінді. Пешпен жылынатын үйлерде тұратын зейнеткерлерге сегіз тонна көмір ақысыз беріледі. Сонымен бірге, кәсіпорын әлеуметтік жағдайы төмен Павлодар облысының тұрғындарына 1500 тонна көмір бөлді. Электр станциясы кәсіподақ комитетінің қызметкерлері бөлімшенің 160 зейнеткері мен ардагері үшін «Мейірімділік және сыйластық күнін» ұйымдастырды, онда концерттер қойылып, сайыс, ойындар өткізді:
Айлық аясында жастар кеңесінің белсенділері ЕЭК атынан Ақсу өңірінің 106 мүгедек-баласына тәтті азық-түлік пакеттерін таратады. Ал кәсіпорынның көркем өнерпаздары Қарттар үйінің қамқорлығындағы адамдарды және Ақсу қаласының мүгедек адамдарына мерекелік кештерді ұйымдастырады. Айлық шеңберінде «Шығыс» кенішінің кәсіподақ комитеті «Үміт» балалар үйінің қайырымдылық асына және т.б. шараларына үш жүз мыңнан астам теңге жіберді. Сонымен қатар, кеншілер ардагерлердің көлікжайын жөндеп, Екібастұз қаласының зейнеткерлеріне отын таратты.
Осылай Еуразиялық энергетикалық корпорация бұрыннан жүргізіліп жатқан қамқорлық дәстүрлерін жалғастырды. Кәсіпорнының үлесі өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына ықпалын тигізіп, іскерлік жауапкершілігінің де үлгі-өнегесі болмақ.
Дереккөз: Қазақпарат
Оставить комментарий