СҚО-да жыл соңына дейін сыйымдылығы 60 мың тонналық жаңа элеватор пайдалануға берілмек

/uploads/thumbnail/20170708201424649_small.jpg

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов жұмыс сапарымен Уәлиханов ауданында болды. Бұл туралы аймақ басшысының баспасөз қызметінен хабарлайды.

«Уәлиханов ауданында өңір басшысы «Северная Нива» ЖШС нан қабылдау кәсіпорнының құрылыс барысымен танысты. Мұнда сыйымдылығы 60 мың тонналық шағын элеваторды жыл соңынан дейін тапсыруды жоспарлап отыр. Пайдалануға беру кезеңінде кәсіпорында 40 адам жұмыспен қамтылады», - делінген хабарламада.

Көктерек ауылдық округінде Ерік Сұлтанов егін жинау науқанымен танысып, «Агрофирма «Қызылту-НАН» ЖШС, «Жолдаспай-Агро» ШҚ және «Юнайт-инвест» ЖШС егістігінде болды. Аймақ басшысы диқандарға күзгі науқанды табысты аяқтауын тіледі.

Сондай-ақ Ерік Сұлтанов Уәлиханов ауданының Қайрат ауылында болған. Ауыл облыс орталығынан 500 шақырым жерде орналасқан. Мұнда облыс әкімі жергілікті активпен кездесті. Округ тұрғындары өздерінің проблемаларымен бөлісіп, аймақ басшысына тілектерін жеткізді. Ауылда ұялы байланыс, ғаламтор жоқ. Қайрат орта мектебінің ұжымы интерактивтік тақтаның жоқ екенін айтып отыр. Ерік Сұлтанов ауыл тұрғындарын мұқият тыңдап өтіп, әрбір мәселені шешудің мүмкіндіктерін  қарастыруға уәде етті.

Ерік Сұлтанов күре жолды қалпына келтіру және бекіту бойынша жұмыстар, су өткізуші құбырлардың құрылысы және Қайрат ауылдық округінің аудандық маңызы бар Қулыкөл-Қаратал автомобиль жолының жер төсемін салу барысымен танысып өтті. Қазіргі кезде мұнда көктемгі су тасқынынан кейін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Аймақ басшысының барған соңғы орны «Жақсы тұз Петропавл» ЖШС болды. Мұнда геологиялық барлау бойынша жұмыстар аяқталып, тұзды сапалы өндіруге арналған комбайн сатып алынған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Оставить комментарий

Связанные Статьи