АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жол-көлік апатында зардап шеккендерге көмек көрсетті
Облыс орталығының Курсант тасжолында 25 қыркүйекте төрт жеңіл машинаның қатысуымен жол-көлік апаты болды. Олардың бірінде заң институтының оқытушылары 24 жастағы полиция майоры Жанболат Құлғарин мен 27 жастағы полиция капитаны Алтынбек Ділімов келе жатты. Соққыдан машина қарсы беттегі жолға шығып кетті. Жанболат алдындағы терезе әйнегінен ұшып кетті.
Осы кезде жолда облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың кортежі келе жатқан, өңір басшысы кезекті жұмыс сапарымен бара жатқан болатын. Жол-көлік оқиғасын және асфальтта жатқан адамдарды көріп, облыс әкімі машинаны тоқтатып, оқиға орнына келді, бірден құтқару қызметін шақырды және жедел жәрдем машинасы келгенше күтіп тұрды.
Зардап шеккен Жанболаттың қарындасы Алтынай Құлғарина Бердібек Мәшбекұлына алғысын жаудыруда.
«Оны бізге Алла жолықтырды. Апаттан кейн бірден жедел жәрдем шақырылды, бірақ та ол кешікті. Облыс әкімінің қоңырауы дәрігерлер мен құтқарушылардың келуін тездетті», - дейді ол.
Жанболат Құлғарин Жедел жәрдем ауруханасының нейрохирургия бөліміне бас миының замқымдануымен және қабырғасы сынып түсті.
Алтынбек Ділімовтің көкбауырын ота жасап алып тастады. Зардап шегушілердің емдеуші дәрігері Оксана Оноприяк олардың бірте-бірте жазылып келе жатқанын айтады. Ал офицерлердің өздері адамгершілік көмегі үшін облыс әкіміне тікелей барып, өздерінің алғысын білдірмек.
Оставить комментарий