ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Қазақстанда жаңа қуатты бренд - «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығы пайда болады, деп мәлімдеді Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ерқанат Мәнжуов.
«Біздің облысымыз алғаш рет Жамбыл облысының халықаралық туристік брендіне айналатын орасан зор жобаны алады. Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің IV саммиті кезінде Елбасы түркі әлемінде туризмді дамыту үшін бірлескен туристік өнім шығарып, Ұлы Жібек жолы брендін пайдалануды ұсынды. Белгілі болғандай, Қазақстанда «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік магистраліндегі біздің учаскеміздің құрылысы аяқталып жатыр. Біз көлік инфрақұрылымы мен туристік кластердің дамуының арқасында облысымызға келетін туристер ағыны көбейеді деп санаймыз», - деді Е.Мәнжуов.
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары «Көне Тараз» археологиялық паркінің Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеудің ең ірі нысанына айналатынын атап өтті. Салтанат күндері 2011 жылдан бері археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп жатқан Тараздың бұрынғы Орталық базары орнында «Көне Тараз» археологиялық паркі ашылады. Онда тарихи жасандылардан басқа «Мыңбұлақ» саябағы, «Тараз әуендері» алаңы, қарау мұнарасы, Достық үйі мен конгресс-холдың жанында этномәдени орталық ашылады.
«Бұған дейін облысымыздың тарихи бренді «Қарахан», «Айша бибі», Тектұрмас, Баласағұн кесенелері еді. Енді бізде жаңа орасан зор бренд - «Көне Тараз» пайда болуда. Қазба жұмыстары кезінде мұнда VI-XII ғасырлардағы шамамен 40 мыңға жуық жасанды зат, ортағасырлық қамал, VIII-IX ғасырлардағы мешіт, медресе, көне Талас өзені аңғарының жағалауы, тұрғын құрылыстардың іргетастары, тас төселген жол, Қараханидтер дәуірінің көне су құбыры табылды».
Еске сала кетейік, биыл Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу еліміздің барлық аймақтарында өтіп жатыр. 550 жыл бұрын Талас пен Шу өзендерінің арасындағы Жайсан шатқалында Керей мен Жәнібек сұлтандар Қазақ хандығының негізін құрған Жамбыл облысында 7,8,9 қазан күндері айтулы шаралар өтеді.
Дереккөз: Қазақпарат
Оставить комментарий