ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО-да лаңкестің туралы жалған қоңырау салдарынан Саумалкөл аудандық ауруханасынан 56 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
«4 қазанда Айыртау ауданы Саумалкөл аудан орталығындағы медициналық жедел жәрдем қызметінің «103» телефон номеріне белгісіз ер адам қоңырау шалып, жарылғыш зат қойылғанын хабарлаған.
Диспетчер бірден бұл туралы Айыртау аудандық ІІБ кезекшісіне хабарлады. АІІБ, ТЖБ, ҰҚКДБ қызметкерлері «Терем» қызметтік итінің көмегімен Саумалкөл орталық аудандық ауруханасының ғимаратын тексерді. 10 медициналық қызметкер мен емделіп жатқан 46 адам уақытша қауіпсіз жерге шығарылды», - делінген хабарламада.
Тергеу кезінде полицейлер бұзақылық жасап, қоңырау шалған Константиновка ауылының 18 жастағы тұрғынын ұстады.
Аталған факт бойынша сот алдындағы тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Бұл қылмыс үшін 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Жыл басынан жарылғыш зат жөнінде жалған хабар берудің бұл үшінші оқиғасы. Петропавл қалалық сотының шешімімен сәуір айының басында вокзалда жарылғыш зат орнатылды деп жалған хабар берген 32 жастағы облыс орталығының тұрғыны 3 жылға сотталды.
"Қамшы" сілтеді
Дереккөз: ҚазАқпарат
Оставить комментарий