АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК» АҚ президенті Михаил Ялбачев бастаған делегация Санкт-Петербург қаласында өткен «Көліктік-транзиттік әлеует» VIII халықаралық форумына қатысты.
Бұл туралы «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.
Форумға қатысушылар көлік жүйесінің тиімділігін арттыру, көлік кешенінің жаңа экономикалық жағдайға байланысты жаңғыртылуын талқылады.
Екі күндік пікір талас барысында инфрақұрылымды дамыту жобалары мемлекет - жеке кәсіпкерлік серіктестігі, инвестиция тарту, көліктегі кеден, тариф, салық саясаты мәселелерін талқылады.
Пікірсайысқа қатысқан Ақтау теңіз портының жетекшісі М.Ялбачев өзінің баяндамасында «Жаңа Жібек жолы» бағдарламасын жүзеге асыруда Еуразиялық нарықтағы көлік қызметі саласының транзитті мемлекет ретінде Ақтау портының маңызы зор екендігін атап өтті.
Қазіргі таңда теңіз порты жүк тасымалын жылына 3 миллион тоннаға арттыру мақсатында «Ақтау портын солтүстік бағытта кеңейту» жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жоба «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.
«Бүгінгі таңда Ақтау теңіз портында Каспийдің өзге порттарымен бірге бәсекелестікке сай болу мақсатында кешенді шаралар жүзеге асырылуды. Оның ішінде жүктердің жаңа түрлерін тасымалдауды жүзеге асыру, қазіргі қызмет етіп отырған паром кешенін жаңғырту жоспарын және жаңа паром кешені құрылысын жүргізу, ресімдеудің жеңілдетілген түрі - мұның барлығы порттың мультимодальдық логистикалық сенімді тізбекті құрайды»,- деді М.Ялбачев.
Оставить комментарий