Дәретхана қағазы қала атымен аталды

    Darkhan Muqantegi
    Дәретхана қағазы қала атымен аталды

    Шығыс Қазақстан облысында дәретхана қағазын жарнамалаудың жаңа әдісі пайда болды, - деп жазады YK-news.kz.

    Дәретхана қағаздарына «Мен сені сүйемін, Өскемен!», «Мен сені сүйемін, Зыряновск!» деген жапсырмалар жапсырылған.

    Басылымның жазуынша, жаңаша жарнамаланған тауардың сатылымы да күрт артқан көрінеді.

    «Елді-мекен аттарын жазып сатуды біз өткен жылдың қазан айында бастадық. Бұл да туған қалаға деген сүйіспеншілік пен патриоттықтың бір үлгісі. Идеяның мақсаты аймақ тұрғындары мен қонақтарының оң эмоциясын туғызу», - дейді кәсіпкер Ерлан Жүрмұхаметов.

    Сонымен қатар, Семей, Зайсан, Ұлан, Риддер, Шемонайха атауларымен де дәретхана қағаздары шығарылып жатқан көрінеді.



     

     

    Қатысты Мақалалар

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    12:57, 06 наурыз 2025