ҚАЗАҚ БИЛІГІНДЕГІ ЖАС ШЕНЕУНІКТЕР (ФОТО)

    Darkhan Muqantegi
    ҚАЗАҚ БИЛІГІНДЕГІ ЖАС ШЕНЕУНІКТЕР (ФОТО)

    Бүгінгі қазақ билігіндегі ең жас шенеуніктер кім? Осы сұраққа Nur.kz порталы жауап іздепті. 

    Портал ұсынған тізімдегі 10 шенеунік  30 жастарында-ақ лауазымды қызметтің тізгінін ұстап, еңбек етуде.

    Айгүл Амантайқызы Шайымова -1979 жылғы 12 қаңтарда Ақмола облысында өмірге келген. 2016 жылдың11 қаңтарынан бастап ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің вице-министр лауазымына тағайындалды. Толық жасы – 37.

    Мәдина Ерасылқызы Абылқасымова – 1978 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 2014 жылдың тамыз айынан бастап ҚР Ұлттық экономика министрлігінің вице-министрі. Толық жасы – 38.

    Дәулет Еділұлы Ерғожин – 1979 жылы Алматы қаласында туылған. 2014 жылдың 21 тамызынан бастап ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің басшысы. Толық жасы -37.

    Самат Сатыбалдыұлы Әбіш -1978 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 26 желтоқсан 2015 жылдан бастап Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары. Толық жасы – 38.

    Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаев -1980 жылы Қызылорда қаласында өмірге келген. 2014 жылдың мамыр айынан бастап «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқармасының төрағасы. Толық жасы – 36.

    Даурен Әскербекұлы Абаев – 1979 жылы Алматы облысында туған. 2011 жылдың қазан айынан бастап Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз хатшысы. Толық жасы – 37.

    Мәкен Бақтияр Мәкенұлы – 1981 жылы Алматы қаласында өмірге келген. 2013 жылдың тамыз айынан бастап Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. Толық жасы – 35.

    Стексов Игорь Валерьевич – 1979 жылы Ақсай қаласында дүниеге келген. 2015 жылдың қаңтар айынан бастап Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. Толық жасы -37.

    Нұрәлі Рахатұлы Әлиев – 1985 жылғы 1 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген. 2014 жылдың 19 желтоқсаннан бастап Астана қаласы әкімінің орынбасары. Толық жасы – 31.

    Көшеров Нұралхан Оралбайұлы – 1984 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. 2015 жылдың 12 қазанынан бастап Шымкент қаласы әкімінің орынбасары. Толық жасы – 32.

    Нұртай Қайрат Ырзақұлұлы -1982 жылы Қызылорда облысында өмірге келген. 2015 жылдың 16 қаңтарынан бастап Шымкент қаласы әкімінің орынбасары. Толық жасы – 34.

    Сапарбек Құрақбайұлы Тұяқбаев – 1979 жылы Шымкент қаласында туылған. 2012 жылдың ақпан айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. Толық жасы – 37.

    Павел Сергеевич Кулагин – 1986 жылы Ақмола облысында өмірге келген. 2015 жылдың қараша айынан бастап Астана қаласы Сарыарқа ауданының әкімі. Толық жасы – 30.

     

     

    Қатысты Мақалалар