20 Мамыр, 2019 Әлем
Әлемде ең жоғары жалақы алатын 10 мамандық иесі
Егер сіз болашақ студент болсаңыз және неғұрлым көп ақша табуға ұмтылсаңыз әлемдегі ең көп ақша табатын мамандықтарды біліңіз.
Қазіргі күні жақсы жұмыс төленетін жалақысына қарай анықталады. Әрине, жалақы біліктілікке, тәжірибеге, талантқа және тұратын елге байланысты әртүрлі болады. Егер сіз болашақ студент болсаңыз және неғұрлым көп ақша табуға ұмтылсаңыз, онда осы тізіммен танысыңыз деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
- Хирург
Бүгінгі күні әлемдегі хирургтер жоғары жалақы алу жағынан бірінші орында тұр. Технологиялық прогресске қарамастан және алдыңғы қатарлы медициналық жабдықтар бар болса да, хирургтердің араласуынсыз ешқандай операция жасалынбайды. Кейбір науқастарға мұқият хирургиялық көмек қажет етіледі. Ең жоғарғы жалақы қарапайым дәрігерлерге емес, күрделі операцияларды орындауға қабілетті жоғары дәрежелі мамандарға берілетінін есте ұстаған жөн. Стоматологиялық хирург пен пластикалық хирургтар да жоғары табыс табады. Өте дамыған елдерде осы саланы меңгеру үшін ұзақ білім алып, қатаң тәжірибеден өтеді. Егер қазақстандық маман шетелде жұмыс істегісі келсе, ол өз кәсібилігін дәлелдеп, толық қайта сертификаттаудан өтуі керек. Бұл процесс баратын елдің тілінде жүреді және бірнеше жыл бойы созылуы мүмкін. Америкада және Еуропалық Одақта хирургтер айына 3000-8000 доллар жалақы алады. Жас мамандар Финляндияда және Польшада жұмыс таба алады, онда хирургтерге арналған бос орындар көп. Мұндай елдерде табыс деңгейі төмен болса да, Ұлыбритания мен Швейцарияға қарағанда маманға деген талап әлдеқайта жеңіл.
- Пилот
Аталған мамандықтың иесі физикалық және психикалық жағынан сау болуы керек. Олар логикалық және техникалық ойлау дағдыларына ие болуы қажет. Себебі ұшқыштар жолаушылардың өміріне әрқашан жауапты. Авиациялық жабдықтар әлі күрделеніп, дами түседі, сондықтан бұл мамандық үнемі қабілетті маманды қажет етеді. Ұшқыштар ең жоғары ақы төленетін мамандықтар тізімінде екінші орынға ие. Қытайда, АҚШ-та, Германияда және Францияда ұшқыштың орташа жылдық жалақысы 30 000 АҚШ долларын құрайды.
- Стоматолог
Стоматологтар жақсы табысқа ие. Шетелде білікті стамотолог жылына 150 000-250 мың долларға дейін жалақы ала алады. Ол әрине кәсіби шеберлікке байланысты. Емтихан тапсыру арқылы өзіңіздің біліміңізді дәлелдеп, таңдалған елдің тілінде дипломды растау қажет. 3-4 жыл тәжірибеден өту қажет болуы мүмкін. Америкада өтініш берушіге қолайлы жұмыс табуға көмектесетін арнайы бағдарламалар бар. Осындай тәжірибеден Біріккен Араб Әмірліктері, Чехия, Германия және Австралия сияқты басқа елдерден өтуге болады.
- Адвокат
Адвокат - бұл басқа мамандықтарға қарағанда көп таралған мамандық. Дамыған елдердің тұрғындары үнемі өз ісін жақсы білетін тұрақты және дәлелденген адвокатқа ие. Кез-келген келісім, ажырасу, неке туралы келісім және тіпті жұмысқа қатысты мәселелер құзыретті заңгерлермен шешіледі. Жоғары дәрежелі маман болу үшін сізге уақыт пен белгілі бір қабілет қажет. Елдің тілін жақсы білу өте маңызды, себебі бұл сот отырысының негізгі күші сөз болып табылады. Сондай-ақ, жұмыс істегіңіз келетін елдің заңдарын жақсы білуіңіз керек. Мықты мамандар айына 4000-5000 доллар табыс алады. Егер Америкадағы ірі компанияда жұмыс істесеңіз, бұл сома жылына 200 000 долларды құрауы мүмкін.
- Нарық сарапшысы
Бұл мамандықта басты артықшылық - аналитикалық ой. Мұнда жалақы клиенттердің деңгейіне байланысты. Егер маманның басқару саласында, қаржы нарығы мен менеджмент саласында білімі бар болса, онда ол көп тапсырыс алады. Ал жалақы уақыт өте өседі. Осы саладағы шетел өкілдерінің жылдық мөлшері 260000 долларға тең.
- IT маманы
Қазіргі күні адамдар интернетсіз, компьютерсіз және мобильді технологиясыз өмір сүре алмайды. Бәлкім, осы себептерге байланысты бағдарламалау бүгінгі күні сұранысқа ие шығар, өйткені IT маманы бұл қажеттіліктерді жасаушы екені белгілі. Бұл салада, көбінесе бағдарламалау тілін жетік меңгерген жастар жұмыс істейді. Шетелде дипломмен жылына 100 000 доллардан аса жалақы алуға мүмкіндік бар.
- Басшы
Бұл барлығына жауапты компанияның бас менеджері, техникалық менеджері немесе басқа басты тұлғасы. Атап айтқанда: ұйымның келісімшарттарына, жұмысты алдын-ала жоспарлап, инвесторлармен келіссөздер жүргізіп, кредиторлармен мәселелерді шешу секілді жұмыстарға жауапты. Осындай мамандықтың иесі көптеген адамдар мен ақпараттық ағындарды басқарады. Жоғары лауазымды атқарушы тез бейімделсе, үнемі жаңа білімге ие болады және ол шетелде жылына 250 мың долларлық жалақы алуға мүмкіндігі бар.
- Биотехнология және гендік инженерия саласындағы маман
Қазіргі заманда адамдар санының ұлғаюы мен тамақ жетіспеушілігі пайда болды. Бұл мәселені шешу үшін адамзат биотехнология мен гендік инженерияға бет бұрды. Генетикалық түрлендірілген түрлі ауруларға төзімді өсімдіктер мен пайдалы өнімдер өндіріле бастады. Бұл саланың мамандарының жаңа жетістігі өсімдіктерден басқа жасанды адам ағзаларын да жасай бастады. Сондықтан генетикалық инженерия мамандары жоғары сұранысқа ие болып отыр.
- Жарнама менеджері
Көптеген фабрикалар, фирмалар, ұйымдар мен компаниялар өз өнімін өткізу үшін халыққа ұнамды етіп ұсынуы керек. Жарнаманың жоғары деңгейдегі елдерде өте дамығаны таңқаларлық емес. Мұндай мамандықтарға сұраныс та өте жоғары. Маман тұтынушыдан көп ақша алатындай, өнімді шебер ұсынуы керек. Германияда бұл саланың маманына жақсы жұмыс үшін 5 500 евро төленеді.
- Селекционер
Өсімдіктердің жаңа сортын өсіруге арналған өріс тез дамып келеді, бұл жақсы тұқымдықтарға деген сұранысты арттырады. Тәжірибе мен білімі жоғары білікті маманның жалақысы жылына 100,000 долларға жетуі мүмкін.
Сондықтан болашақ мамандығыңызды таңдағанда, әр маманның өз саласын жақсы білуі керек екенін ескеріңіз. Бұл өте маңызды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір