• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:41:18
Алматы
+35°

Алматы облысының полицейлері есірткі зертханасын ауыздықтады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі  Polisia.kz  дерегіне сүйене отырып.

Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел тергеу амалдарының нәтижесінде Іле ауданының А. есімді тұрғыны есірткі заттарын шығарып, таратумен айналысқанын анықтаған.

Сондай-ақ жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде сараптама актілерімен белгіленген “марихуана” есірткі заты бар 8 сіріңке қорабы тәркіленді. Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде Қылмыстық кодекстің 297-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелген.

"Санкцияланған тінту барысында Іле ауданының 47 жастағы ауыл азаматының тұрғын үйінің екінші қабатынан “марихуана” есірткі заттарын өсіріп, дайындап, тарататын зертхана табылды. Оның үйінің екінші қабаты микроклиматты құру мақсатында күн батареяларының көмегімен қосымша жылытылған. Тінту жүргізу кезінде салмағы 26 кг-ға жуық 47 бұта, 295 орама және салмағы 8,5 килограмм дайын екі қап “марихуана” табылды және тәлкіленді. Есірткі өсімдіктерін өсіру, аса ірі мөлшерде дайындау және сақтау дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 300-бабының 1-бөлімі, 296-бабының 4-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кінәсін мойындап жауап берген күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамауға алынды”, – деп хабарлайды Алматы облысы ПД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы Қазбек Мұхамедов.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір