• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 07:23:11
Алматы
+12°

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкіметтің кеңейтілген отырысында елде коронавирус инфекциясын жұқтырушылар 36 пайызға төмендегенін мәлімдеді. 

– Қазақстанда коронавируспен ауыру көрсеткіші соңғы 2 аптада 36 пайызға төмендеді. 1 тамыздан бастап елімізде инфекциялық төсек-орындар жүктемесі 56-дан 33 пайызға, реанимациялық төсек-орын жүктемесі 45-тен 32 пайызға төмендеді. Елде 57 ковидтік стационар жабылды, –  деді ол. 

Министрдің сөзінше, 23 тамыздан бері тәулігіне коронавирустан сауығып шыққандар саны артып келеді.

Сонымен қатар коронавирус жұқтыру көрсетіші ДДСҰ еуропалық өңірлік бюросына кіретін 32 елде төмендеген. Атап айтқанда Испанияда – 57, Швейцария, Франция және Әзербайжанда – 40, Қырғызстанда – 36, Грузияда – 32, Италияда – 28, Израильде – 21, Германияда 18 пайызға азайған.

Қазір Қазақстанның 4 өңірі – Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстары "жасыл" аймақта тұр.

Ал сегіз өңір – Шымкент, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары "сары" аймақта орналасқан. 

Қалған 5 өңір "қызыл" аймақта. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір