• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:48:06
Алматы
+35°

Қытайдың заң шығарушы органы ата-аналарға балаларына сабақ бойынша шектен тыс жүктеме артуға тыйым салатын заң жобасын әзірлеп жатыр, деп хабарлады Синьхуа агенттігі.

Отбасылық тәрбие туралы заң жобасы кеше Халық өкілдерінің жалпыхалықтық жиынының тұрақты комитеті сессиясында үшінші оқылымда таныстырылған.

Заң жобасына сай, ата-аналар мен балалар қамқоршысы балалардың оқу, демалу, көңіл көтеру, физикалық жаттығу жасауы үшін кететін уақытын ұйымдастыруға тиіс. Сондай-ақ ата-аналар балалары интернетке тәуелді болып қалмауын қадағалауға міндетті.

Басылым баласына үлкен үміт артатын ата-аналар олардың жетістікке жетуі үшін көп нәрсеге әзір екенін, 45 минуттық жеке сабақ үшін 200 юань (шамамен 13 мың теңге) төлеуге қиналмайтынын жазады.

Алайда оқушыларға шамадан тыс жүктеме артылып, олар ұйқысыздыққа жиі шалдығатын болған. Көздері жақыннан көрмейтіндер көбейген. Бұған алаңдаушылық білдірген қытай үкіметі білім жүйесін реформалау бастамаларын көтеріп жүр.

Заң жобасында қозғалған қағидалардың кейбірі үй тапсырмасы мен сыныптан тыс сабақтарды азайтуға шақырады. Сондай-ақ сабақтан тыс жаттығуларды тоқтатуға қатысты ереже талқыланып жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір