КХДР жаңа типті сүңгуір кеме зымыранын сынақтан өткізгенін растады

/image/2021/10/20/crop-8_4_537x954__121144500_f361a702-fa66-4d46-a749-09141ee4c7f2.jpeg

Солтүстік Корея суасты кемеден ұшырылатын баллистикалық зымыранды сынақтан сәтті өткізгенін растады.

Пхеньянның мемлекеттік KCNA ақпарат агенттігі зымыранның "жетекші технологиялары" бар екенін хабарлады.

Солтүстік Корея соңғы апталарда қару-жарақты түрлерін сынақтан көптеп өткізіп жатыр. Сондай-ақ гиперсоникалық және алыс қашықтыққа арналған қаруды іске қосты.

БҰҰ Пханьянның баллистикалық зымырандар мен ядролық қаруды сынауына тыйым салады.

Баллистикалық зымырандар круиздік зымырандарға қарағанда қауіпті деп саналады, өйткені олар қуатты жүктерді көтере алады, алыс қашықтыққа ие және тез ұшады.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар