"1 600 ғалым тұрақты жалақы ала бастайды". Аймағамбетов мәлімдеме жасады

/image/2021/11/03/crop-61_23_810x1079_6.jpeg

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов "Ғылым туралы" заңға енгізілген өзгерістер туралы тарқатып айтып берді.

Министрдің сөзінше, келер жылдан бастап гуманитарлық бейіндегі институттар тұрақты түрде қаржыландырылады. Сонымен қоса 1 600 ғалым базалық қаржыландыру шеңберінде жалақы ала бастайды. 

– Бұрын ғалымдардың қатысуымен өтетін әрбір кездесуде ғылыми зерттеулерді қаржыландыру мерзімін 3 жылдан 5 жылға дейін ұлғайту мәселелері көтерілетін еді. Гуманитарлық бейіндегі ғалымдарымыз (қазақ әдебиеті, тіл білімі, Қазақстан тарихы, археология, философия және т.б.) осы бағыттарды қаржыландыру мәселесіне ерекше назар аудару қажет екендігін 10 жылдан астам уақыттан бері айтып келеді, – деді Асхат Аймағамбетов. 

Аймағамбетовтың айтуынша, аталған заң жобасы парламенттің қарауына енгізілген. Президент құжатқа қол қойғаннан кейін келесі жылдан бастап заңды күшіне енеді.

– Гуманитарлық бейіндегі институттар тікелей қаржыландыру шеңберінде тек гранттық жобаларға тәуелді болмай, керісінше өз бағыттары бойынша зерттеулер жүргізу үшін тұрақты қаржыландырылатын болады. Соңғы екі жылда аталған кеңестердің жұмысында айтарлықтай оң өзгерістер орын алды. Ұлттық ғылыми кеңес шешімдерінің барынша негізділігі мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін заң жүзінде апелляциялық комиссия енгізіліп жатыр. Комиссия ұлттық ғылыми кеңес шешімдеріне қатысты ғалымдардың апелляциялары мен әдеп кодексін сақтау мәселелерін қарастыратын болады, – деді ол. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар