Сәрсенбі күні Қытай әскері Тайвань бұғазындағы шиеленіс күшейген кезде Шығыс Қытай теңізінде швн оқ-дәрілер қолданылатын бір апталық әскери жаттығуларын бастады. Бұл кезде АҚШ пен Жапонияның аймақта бірлескен оқу-жаттығулары өтіп жатқан.
Сарапшылардың айтуынша, Бейжіңнің бұл әскери әрекеті даулы Оңтүстік Қытай теңізінде Вашингтон-Токио бірлескен жаттығуларына қарсы тұру үшін жасалған.
АҚШ "USS Carl Vinson" соғыс кемесі және соққы беру тобы даулы теңіз аймағында Жапонияның теңіздегі өзін-өзі қорғау күштерінің "JS Kaga" тобымен бірге әскери операциялар жасаған.
Сонымен қатар екі ел жер үсті, әуе бөлімшелері арасындағы үйлестірілген тактикалық жаттығуларды және теңізде соққы беру жаттығуларын жасады.
Пікір қалдыру