Атыраудағы жарылыс. Зардап шеккендердің екеуі қайтыс болды

/image/2021/11/15/crop-181_10_694x925_55043.jpg

Атырауда жекеменшік үйдегі газ жарылысынан қатты күйіп қалған 19 жастағы екі жас жігіт жансақтау бөлімінде көз жұмды. Бұл туралы Мой город басылымы хабарлады.

"Облыстық аурухананың жансақтау бөлімінің дәрігерлері II және III дәрежелі күйікпен түскен 19 жастағы екі жігітке медициналық ем-дом шараларын жүргізді. Алайда кеше, 14 қарашада денесінің 85-90%-ын күйік шалған 2002 жылғы жігіттің бірі қайтыс болды. Ал бүгін, 15 қарашада 90-95% күйік алған екінші науқас – 19 жастағы жігіт көз жұмды" делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасы таратқан ақпаратта.

Ал 22 жастағы келіншек ауруханада қажетті ем-домды алып жатыр. Оның денесі 25-30 пайызға күйген.

Еске сала кетейік, 10 қараша күні сағат түнгі 01:24-те Атырау қаласының Балауса шағын ауданындағы жеке үйде газ жарылып, соңы алапат өртке ұласқан. Тілсіз жау 120 шаршы метрді шарпыған. Оқиға орнынан 3 адам ауруханаға жеткізіліп, екеуі бірден жансақтау бөліміне жатқызылған. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар