Джо Байден мен Си Цзиньпин шиеленіс жағдайында саммит өткізбек. Саммитте не қаралады?

/image/2021/11/15/crop-9_5_537x962__121537835_gettyimages-453444607.jpeg

АҚШ президенті Джо Байден мен Қытай төрағасы Си Цзиньпин екі ел арасындағы шиеленіс күшейген кезде виртуалды саммит өткізбек. Келіссөз дүйсенбі күні болады деп күтілуде.

Бәсекелес алпауыт державалар өткен аптада Глазгода (Шотландия) өткен келіссөздерде климаттың өзгеруіне қарсы бірлескен декларация шығару арқылы көпшілікті таң қалдырған.

Бірақ Тайваньға қатысты әскери қақтығыстың күшеюі олардың келіспеушіліктерін күрт ушықтырып жіберді.

Екі басшы үшінші реткі кездесуде бірнеше күрделі тақырыптарды қарастырады.

Келіссөзде киберқауіпсіздік, сауда және ядролық қаруды таратпау сияқты тақырыптар қаралатыны айтылуда.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар