"Жаңбыр, аяз, мұз". Қазгидромет алдағы ауа райы болжамын жариялады

/image/2021/12/10/crop-19_12_687x916_crop-6_2_710x946_0018e37d72ca30ad6878f0db2d650b6e.jpg

Қазгидромет 11-13 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің дерегінше, Қазақстанның солтүстік және шығыс жартысында аяз болады.

Солтүстік-батыста кезекті антициклонның жылжуына байланысты алдымен батыста, содан кейін Қазақстанның солтүстігінде күн суытады. Бұл өңірлерде түнгі уақытта сынап бағаны 15-25 градусқа дейін төмендейді.

Тек оңтүстік аймақтарда жылы болады. Бірақ мол жауын-шашын, мұз құбылыстары күтіліп, ауа температурасы өте қолайлы болады деп болжанады.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар