Байден Мәскеудің келесі айда Украинаға басып кіруі мүмкін екенін ескерткеннен кейін Ресейдің сыртқы істер министрі Мәскеудің соғысты қаламайтынын мәлімдеді.
Сергей Лавров ресейлік БАҚ өкілдеріне Кремль Киевпен қақтығысқа ұмтылмайтынын, бірақ Мәскеу қауіпсіздік мүдделерінің еленбеуіне жол бермейтінін айтты.
"Біз соғысты қаламаймыз" деді ол.
Украина дағдарысына байланысты батыс елдері мен Ресей арасындағы шиеленіс қалай өрбіп жатыр:
- "Ресей Украинаға басып кіру үшін сылтау дайындап жатыр" деп хабарлады Әл-Жазира телеарнасы.
- "Ресей Украинаға басып кіруі мүмкін" деген қауіп күшейген кезде АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Еуропаға барды.
- "Барлық нұсқа тыс қалмайды. Дипломатиялық нұсқа да". АҚШ мемхатшысы Еуропаға неге бара жатыр?
- Джо Байден Ресей Украинаға шабуыл жасаса, Мәскеуді "апат" күтіп тұрғанын ескертті.
- АҚШ барлау агенттері Ресей Украинаға қашан шабуылдауы мүмкін екенін жариялады.
- Ресей соғыс ұшақтары Киевке жақын Беларусь еліне жиналды.
- Ағылшын саясаткері Ресей Украинаға басып кіретіні сөзсіз екенін және шабуыл жақын арада болатынын мәлімдеді.
- АҚШ, Ұлыбритания Украинаға қару-жарақ жіберіп жатыр.
- Дания, Испания, Франция және Нидерланды Шығыс Еуропаға жойғыш ұшақтар мен әскери кемелер жіберуде.
- Ресей ықтимал шабуыл туралы ақпараттарды жоққа шығарды.
- Германия қазірге Украинаға қару-жарақ бермейтінін айтты бірақ медициналық көмек көрсететінін жариялады.
- Екі жақ (Батыс-Ресей) соғысқа дайындықпен қоса, дипломатиялық келісімге келуге тырысуда.
- Франция мен Германия Ресейді диалогқа шақырды.
- Ресей, Украина, Германия және Франция дипломаттары келіссөз жүргізді.
- Батыс елдері Украинаға шабуыл жасалса, зардабы ауыр болатынын мәлімдеді.
- АҚШ өз азаматтарын Украинадан шығып кетуге шақырды.
- "Біз қалай болса да дайынбыз". НАТО Ресейдің талабын тойтарды.
- Байден: Бұл – екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең ірі шабуыл болуы мүмкін.
- Байден Ресейдің Украинаға қашан шабуыл жасайтынын айтты.
-
Вашингтон Ресей құбырын жауып, БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізетінін жариялады.
Пікір қалдыру