Назарбаева мен Мамин "Nur Otan" партиясының саяси кеңесінен шығарылды

/image/2022/01/28/crop-139_9_918x1224_mycollages-56.jpg

"Nur Otan" партиясының саяси кеңесінен мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева мен бұрынғы Премьер-министр Асқар Мамин шығарылды.

"Nur Otan" партиясының Саяси кеңесінің жаңа құрамына кіргендер тізімі жарияланды

Бұл жолы жаңа құрам қатарына мәдениет және спорт министрі – Дәурен Абаев, Қызылорда облысының әкімі – Гүлшара Әбдіқалықова, партия төрағасының бірінші орынбасары – Бауыржан Байбек, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы – Әсет Исекешев, Алматы қаласының әкімі – Бақытжан Сағынтаев, президент әкімшілігі басшысының орынбасары – Аида Балаева, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі – Бағдат Мусин, Мемлекеттік хатшы – Ерлан Карин, ҚР Украина мен Молдовадағы елшісі – Дархан Кәлетаев, бизнесмендер – Болат Өтемұратов, Эдуард Огай енбей қалған.

Саяси кеңестің жаңа құрамының қатарына президент Қасым-Жомарт Тоқаев, сенат пен мәжіліс спикерлері Мәулен Әшімбаев пен Нұрлан Нығматулин, президент әкімшілігінің басшысы Ерлан Қошанов қосылды.

Бүгін партияның кезектен тыс XXI съезінде Қасым-Жомарт Тоқаев "Nur Otan" партиясының төрағасы болып сайланды. 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар