17 Ақпан, 2022 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Алматыда "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС-ның бұрынғы директоры Шухрат Данбай ұсталды. Бұл туралы exk.kz сайты хабарлады.
Сайтта жарияланған ақпаратқа сүйенсек, Атырау мұнай өңдеу зауытының бірнеше қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалып, зауыттың бұрынғы директоры Шухрат Данбай ұсталған. Оған қылмыстық кодекстің 189 бабы 4-бөлігі 2-тармағы (аса iрi мөлшерде сеніп тапсырылған жеке мүлікті иелену немесе талан-таражға салу) бойынша айып тағылған.
Былтыр президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау мұнай өңдеу зауыты қыруар қаржыға жаңғырту жұмыстарынан өтсе де, сұйытылған газ өндіруде жиі қиыншылықтарға тап болатынын айтып, сынаған болатын. Осыдан кейін бірнеше құқық қорғау органдары зауытта тексеру бастаған.
Тексеру барысында зауыт кредиторларға 600 млрд теңге берешек екені, ал жылдық табысы қарыздың бір бөлігін жабуға да жетпейтіні анықталды. Қазір құқық қорғау органдары тарапынан тағы бірнеше күмәнді іс-әрекет тексеріліп жатыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір