Сенат депутаттар Жоғары сот судьясы Жаңылсын Архарованы қызметінен босату туралы қаулыны қабылдады. Бұл туралы Жоғары Сот кеңесінің төрағасы Денис Шипп мәлімдеді.
"Сіздің қарауыңызға Жаңылсын Баянқызы Архарованың отставкаға кетуіне байланысты Жоғарғы соттың судьясы қызметінен босату туралы мемлекет басшысының ұсынысы енгізілді" делінген хабарламада.
Жаңылсын Архарованың 26 жылдан астам судьялық өтілі бар, ол тоғыз жылдан астам уақыт Жоғарғы соттың судьясы болған..
2020 жылдың желтоқсан айынан бастап жоғарғы сот кеңесінің мүшесі болып келген
16 ақпанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Архарованы қызметінен босатуды ұсынған болатын.
Пікір қалдыру