Қаржы министрінің бұйрығымен Әнуар Жұмаділдаев берген өтінішіне сәйкес Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы қызметінен босатылды. Бұл туралы премьер-министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Әнуар Жұмаділдаев 1965 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Патрис Лумумба атындағы халықтар достығы университеті мен Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетін бітірген.
Әр жылдары ҚМ Қаржылық бақылау комитеті мен Ішкі мемлекеттік аудит комитетін басқарды.
2017-2019 жылдары Қаржы министрлігінің қаржылық мониторинг комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
2019-2020 жылдары Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы болды.
2020 жылғы шілде айында Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы болып тағайындалған.
Пікір қалдыру