Мауберлинова ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды

/image/2022/02/17/crop-212_16_871x1162_mauberlinova.jpg

Нұргүл Мауберлинова ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы primeminister.kz сайты хабарлады.

Нұргүл Мауберлинова 1973 жылдың қараша айында Қарағанды облысында дүниеге келген. Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін және Қазтұтыну одағы Қарағанды экономикалық университетін тәмәмдаған.

Еңбек жолын 1992 жылы бастаған. Әр жылдары мемлекеттік органдар құрылымында және коммерциялық секторда жұмыс істеді.

2006-2008 жылдары – Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің бас маманы, бас сарапшысы.

2008-2012 жылдары – премьер-министр кеңсесінің ақпараттық-талдау орталығының бас консультанты.

2012-2016 жылдары – президент жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" РММ директорының орынбасары, Парламент мәжілісі төрағасының кеңесшісі қызметтерін атқарған.

2016-2018 жылдары – ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитетінің төрағасы.

2018-2019 жылдары – ақпарат және коммуникациялар министрінің орынбасары.

2019-2020 жылдары – ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары.

2020 жылғы мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР президенті әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болды.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар