• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Қыркүйек, 00:18:33
Алматы
+35°

Ұлан Байжанов Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Ұлан Байжанов 1958 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған.

1987-1991 жылдары – Алматы қалалық атқару комитетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі.

1991-1995 жылдары – Алматы қалалық әділет басқармасының бастығы.

1995-1997 жылдары – "Алматы-Заң" құқықтық орталығының бас директоры.

1997-1999 жылдары – "Қазақтелеком" ашық акционерлік қоғамының вице-президенті – атқарушы директоры.

1999-2002 жылдары – Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс вице-министрі.

2011 жылғы қаңтардан – 2012 жылдың қыркүйегіне дейін ҚР Бас прокуратурасы аппаратының жетекшісі.

2015 жылдың тамызында Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры қызметіне тағайындалған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ұлан Байжанов

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір