Ресей Киевке жақын базаны бақылауға алғаны хабарланды

/image/2022/02/24/crop-8_2_340x608_f41ed5e3-599c-4a8b-a036-bab2da177e97.png
"Ресейлік десанттар бүгін таңертеңнен бері Киевтен 15-20 мильдей жерде орналасқан Антонов авиабазасын бақылауға алғаны анық" деп хабарлады BBC.
 
CNN оқиға орнынан тікелей эфирде хабар таратты, видеода десанттар анық көрінеді.

Украина ұлттық гвардиясы қарсы шабуылға кіріскенін хабарлады. Батыстың барлау шенеуніктері болжағандай, шабуыл тез, мүмкін олар күткеннен де жылдам болған.
 
Ресейдің бронды колонналары Беларусь шекарасынан оңтүстікке және Қырым түбегінен солтүстікке қарай жылдам ілгерілеуде.
 
Келесі кезекте Ресейліктер не істейді?
 
Операциялық базаны орнатқан десанттар енді Ресейдің қару-жарағын күтеді немесе оны Киевке соққы беру үшін пайдалана алады. Кез келген сценарий жақын арада болуы мүмкін.
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар