"Нәтиже күтпеймін". Украина билігі Ресеймен бейбіт келіссөзге барды

/image/2022/02/28/crop-9_8_560x1034_screen-shot-2022-02-28-at-4.02.13-pm.png
 
Украина билігі делегациясын Ресей делегациясымен бейбіт келіссөз бастау үшін Украина-Беларусь шекарасына келгенін хабарлады.
 
Олардың күн тәртібіндегі басты мәселе – атысты тоқтату және Украина аумағынан әскерді шығару.
 
Бұған дейін келіссөздер логистикалық және қауіпсіздік мәселелеріне байланысты кейінге шегеріліп жатқаны хабарланған.
 
Украина президенті Зеленский жексенбі күнгі үндеуінде келіссөздерден нәтиже күтпейтінін айтқан.
 
"Украина соғысты тоқтатуға тырыспады деп ешкім кінәламауы үшін бұл мүмкіндікті аз болса да пайдаланып қалуымыз керек" деп қосты ол.
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар