Украинаның бір қаласында Ресей шабуылынан қанша адам қаза тапқаны хабарланды

/image/2022/03/01/crop-8_4_335x604_fca176b4-b7ad-488c-b4a0-3d687b5091e5.jpeg
Украинаның солтүстік-шығысындағы Охтырка қаласында ресейлік артиллериялық соққыдан 70-ке жуық украин сарбазы қаза тапты, деп хабарлады жергілікті ресми өкіл.
 
Сумы облысы мемлекеттік әкімшілігінің басшысы Дмитрий Живицкий шабуылдан украиндық әскери бөлім қирағанын, құтқарушылар мен еріктілер мәйіттерді үйінді астынан шығарумен айналысып жатқанын айтады.
 
"Көптеген адамдар қаза тапты. Қазіргі уақытта қаза тапқан 70-ке жуық украиналық жауынгерлерге арналған зират орындары дайындалуда", - деп жазды Живицкий Telegram-да.
 
"Бірақ жау да өздеріне лайықты салдарын көреді" деп қосты ол.
 
Оның айтуынша қалада "көптеген орыстардың да мәйттері" бар, олар қазір Қызыл Крестке беріліп жатыр. Дегенмен оның жариялаған мәліметтері расталған жоқ.
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар