Фото: tengrinews.kz
Алматыдағы ақылы автотұрақтар операторларының бірі "Алматы спецтехпаркинг сервис" ЖШС директоры Марат Принбеков екі айға қамауға алынды, деп хабарлады ҚазАқпарат.
"Тергеу сотының қаулысы бойынша соталды тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылды. Сот "Алматы спецтехпаркинг сервис" ЖШС директоры Пірінбековке қатысты бұрын таңдалған 2 ай мерзімге, яғни 2022 жылдың 15 маусымына дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады" делінген қалалық соттың хабарламасында.
Бұған дейін Alan Parking компаниясының директоры Мұхтар Базарбаев қамауға алынған.
Алматыдағы ақылы автотұрақтар 2016 жылы енгізілген. Алматы қаласы қалалық мобильділік басқармасының мәліметінше, бүгінде 11 мың ақылы орын бар.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір