• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 18:37:21
Алматы
+35°

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш Киевте Украина президенті Владимир Зеленскиймен келіссөз жүргізбек.

Украинадағы соғысқа байланысты Гутерриш осы аптаның басында Мәскеуге барған. Мәскеудегі келіссөздерде Гутерриш БҰҰ Ресейдің әрекетін "басқыншылық" деп санайтынын жеткізді. Ол Ресей мен Украинаны қауіпсіз гуманитарлық дәліздер құру үшін бірлесіп жұмыс істеуге бірнеше рет шақырғанын айтты.

Сондай-ақ ол португалдық БАҚ-қа Путин Мариупольдағы металлургиялық зауытта қалып қойған жүздеген бейбіт тұрғынды эвакуациялауға көмектесуге келіскенін айтты. BBC ақпаратынша, эвакуациялау операциясы күрделі және нәзік екенін мәлімдеген.

Гутерриш Киевке қонғаннан кейін твиттерде "гуманитарлық қолдауды кеңейту және бейбіт тұрғындарды қақтығыс аймақтарынан эвакуациялау бойынша жұмысымызды жалғастырамыз" деп уәде берді.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: БҰҰ Зеленский

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір