03 Мамыр, 2022 NEWS
Фото: Видеодан скриншот
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Болат Назарбаевтың ұлы Ербол Назарбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарынан шығарылғанын мәлім етті.
Антикор ақпаратынша, Ербол Назарбаев қызметінен екі апта бұрын босатылған.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қоғамдық желілерде таралып жатқан видеоға байланысты келесіні хабарлайды. 2022 жылғы 26 қаңтарда агенттік төрағасының бұйрығымен Е.Назарбаев агенттіктің арнайы департаменті басшысының орынбасары қызметінен босатылды. 2022 жылғы 14 сәуірде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарынан шығарылды" делінген Антикор ақпаратында.
EGOV.PRESS телеграм-каналы былтыр Ербол Назарбаев терезелері қараңғыланған қымбат көлікпен кетіп бара жатқандағы видеоны жариялады. Көлік 995 жылы туған Ербол Назарбаев тиесілі деп жазады желілік басылым.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір