Владимир Путин Украинаға қарсы соғыс басталғаннан бері жаралы әскерлермен алғаш рет кездесу өткізді, деп жазады BBC.
Ол Мәскеудегі әскери госпитальда болды. Жаралылармен кездесуге Путинмен бірге Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу да барды.
Видеода министр Путинге сарбаздар жаралы болса да елге қызмет етуге дайын екенін айтады. Путиннің "Қызмет етуге дайынсыңдар ма?" деген сұрағына госпитальда ем алып жатқан сарбаз "Әрине" деп жауап береді.
Ал Украина президенті Владимир Зеленский соңғы ай ішінде соғыстан зардап шеккен сарбаздар мен бейбіт тұрғындар емделіп жатқан бірнеше аурухананы аралаған. Видеодан Зеленскийдің соғыс кезінде аяғынан жараланған баланы туған күнімен құттықтағанын, ем алып жатқан қызға гүл шоғын сыйлағанын көруге болады.
Пікір қалдыру