Қазгидромет күздік бидай өнімділігінің 2022 жылға арналған болжамын жариялады.
Синоптиктер күздік бидайдың өсуі мен дамуы үшін қолайлы метеорологиялық жағдайлар қалыптасқанын айтады.
"Есептік деректерге сәйкес, Қазақстанның оңтүстік облыстарының басым бөлігінде, күздік бидайдың өнімділігі көпжылдық мәнге жуық болады деп болжануда. Алматы облысы бойынша орташа өнімділік 19 ц/га, Түркістан облысында 17,5 ц/га, Жамбыл облысында 15,7 ц/га құрайды. Айта кетсек, Түркістан облысы бойынша болжам алғаш рет әзірленуде" делінген Қазгидромет мәлімдемесінде.
Пікір қалдыру