Әлеуметтік желіде Мәскеуде жүрген суреттері тарап кеткен экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездескені белгілі болды.
Елбасы сайты таратқан ақпараттық хабарламада Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президентін елдің ұлттық мерекесі – Ресей күнімен құттықтағаны айтылады.
"Кездесуде Қазақстанның Тұңғыш президенті мен Ресей Федерациясының президенті екі ел арасында қарым-қатынас орнағанына 30 жыл толуына орай бір-біріне жылы лебіздерін жеткізді. Тараптар Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы тең дәрежедегі диалог негізінде дамып келе жатқанын атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин бір-біріне мықты денсаулық және амандық тілеп, арадағы достық байланыс алдағы уақытта да Қазақстан мен Ресей халықтарының игілігі үшін жалғасын табады деген сенім білдірді" делінген хабарламада.
Пікір қалдыру