Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды

/image/2022/06/13/crop-13_12_506x900_42_main.jpg

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшерін мәлім етті. Ведомство ақпаратына сәйкес, жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,2 трлн теңгеден астам зейнетақы төленген.

2022 жылғы мамырда республикалық бюджеттен зейнетақы төлеміне 235,4 миллиард теңге, оның ішінде базалық зейнетақыға 71,3 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақыға 163,2 миллиард теңге жұмсалған.

"2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша, зейнеткерлер саны – 2 миллион 246 мың. 2022 жылғы 1 маусымдағы жағдайға сәйкес, зейнетақы төлемінің орташа мөлшері – (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 105 189 теңге" делінген хабарламада.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар