– Біз жергілікті жерлерге барып, облыс орталықтарының инфрақұрылым, жылжымайтын мүлік объектілерінің болуын, әкімшілік ғимараттарды сатып алу, жалға алу және жөндеу қажеттіліктеріне әзірлігін зерделеп, талдадық. Жалпы, жаңа облыс орталықтарында мемлекеттік органдар мен қызметкерлердің жұмыс істеуіне қажетті әкімшілік ғимараттар бар. Бүгінгі таңда жергілікті атқарушы органдар облыс орталықтарындағы әкімшілік ғимараттарды сатып алу, жөндеу, жалға беру үшін қажетті бюджет қаражатының алдын ала көлемін анықтады. Алдын ала жалпы қажеттілік шамамен 12 млрд теңгені құрайды. Бюджет қаражатын бөлу мәселесі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған тәртіппен қаралады, – деді министр.
Пікір қалдыру