• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 20:14:42
Алматы
+35°

Белгілі шетел әдебиетінің қазақ тіліне аударылған кезекті туындылары оқырманға жол тартты. Бұл жолы батыстық балалар әдебиетінің көрнекті шығармалары аударылған. "Мазмұндама" қоғамдық қоры "Банк ЦентрКредит" акционерлік қоғамының демеушілігімен қалың көпшілікке Шон Ковидің "Жасампаз жасөспiрiмдердiң 7 дағдысы. Ұтқыр әрi озық болудың жолдары" және Сабол Стефанидiң "Күн жүйесi қайда орналаскан?" атты кітаптарды ұсынып отыр. Осыған орай Алматы кітап баспа үйінде кітаптардың таныстыру рәсімі өтті.

Іс-шараға кітаптардың жарық көруiне атсалысқан шығармашылық топ, К.Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат оқушылары, "Игра" актерлік мектебiнiң шәкірттері, Лермонтов атындағы ұлттық орыс театрының актерлерi мен "Жас Сахна" театрының актерлерi қатысты.

Фото: Qamshy.kz

Балалар мен жасөспірімдерді қаржылық тұрғыда сауаттандыруға бағытталған "Банк ЦентрКредит" Junior bank жобасының жетекшісі Нұргүл Нұрмағамбетова банк биылғы балалар жылында балалар мен жастар әдиебиетін қолдауды ұйғарғанын, елде балалар әдебиені кенжелеп тұрғанын, сол олқылықтың орнын толтыру ниетімен осы жоба жүзеге асқанын атап өтті.

Іс-шара барысында балаларға арналған кітаптарды аударып, көпшілікке ұсыну идеясына банк ыстық ықылас танытқаны айтылып,  "Банк ЦентрКредит" АҚ Басқарма терағасы Ғалым Хусаиновтың арнайы жолдаған сөзі оқылды.

 

"Біз өскелең ұрпаққа жiтi көңіл бөлемiз. Әлемдiк деңгейдегi туындылардың қазақ тіліне аударылуы манызды идеология деп ойлаймын. Бала – ертеңгі ел азаматы, ал жастар – елдiң болашағы. Сол себептi кiтап оку – болашаққа салынатын инвестиция. Жалпы, банк балаларға арналған көптеген әлеуметтік бастамаларды қолдап қана қоймай, дербес жобаларды да жүзеге асырып келедi. Қазiргi таңда біз шахмат федерациясын, "Баланы қорғау" жобасын мектептерге енгiзiп, банк бөлiмшелерiнде Junior bank негiзiнде балаларға арналган Kids room бастамасын жүзеге асырып жатырмыз" делінген Ғалым Хусаиновтың сөзінде.

 

"Мазмұндама" қоғамдық қорының басшысы Теңіз Сейілхан алдын ала тапсырыспен кітаптардың электрондық нұсқасын да алуға болатынын мәлім етті.

 

– "Мазмұндама" қоғамдық қоры осы уакытқа дейiн дүниежүзіне миллиондаған данамен тараған бестселлерлердi, әлем әдебиетiнiң жауһарларын, танымдық туындыларды, жалпы алғанда 70-ке жуық кітапты қазақ тіліне аударды. Бiздiң мақсатымыз – қазақ тiлiнiң мазмұнын байыту арқылы қазақ жастарының ана тiлiнде маңызды ақпараттарды алуына ықпал ету. Осы мақсатты жүзеге асыру жолында бiзге қолдау керсетіп, демеуші болған "Банк ЦентрКредит" АҚ басшылығына алғыс айтқымыз келеді, – деді Теңіз Сейілхан.

 

Фото: Qamshy.kz

Қос кітапты шығару жұмысын атқарған шығармашылық топ мүшесі, белгілі журналист Сәкен Сыбанбай Шон Кови әкесі Стивен Ковидің әлемдік бестселлерге айналып үлгерген "Жасампаз жандардың жеті дағдысы" еңбегін оқып шабыттанып, "Жасампаз жасөспiрiмдердiң 7 дағдысы. Ұтқыр әрi озық болудың жолдары" кітабын жазғанын айтады. Сөзінше, танымдық әрі психологиялық еңбек жастардың психологиялық ерекшеліктерін ескеріп жазылған. Ол жердегі өмірден алынған нақты мысалдар жастардың көптеген сауалдарына жауап беріп, оларға бағыт-бағдар беруге көмектеседі.

Ал "Күн жүйесi қайда орналаскан?" кітабында астрономияның жаңа дәуірінің басталуы, ғалымдар ашқан жаңалықтар, NASA-ның қазіргі миссиялары баяндалады.

Таныстыру рәсімі барысында К.Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат оқушылары ән шырқап, "Жас Сахна" театрының актерлерi кітаптардан үзінділер оқыды.

Фото: Qamshy.kz

Бестселлер туындылардың қазақша нұсқалары бүгiнде елдiң барлық кітап дүкендерiне сатылымға шықты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір