Антикор "ӨКМ Операторы" ЖШС-нің бұрынғы құрылтайшысына іздеу жариялады. Бұл туралы ведомстваның баспасөз қызметі хабарлады.
"Қылмыстық іс аясында 2017-2018 жылдар аралығында Экологиялық кодекстің талаптарын бұза отырып, оған 920 миллион теңге мөлшерінде дивиденд түрінде заңсыз төленген кәдеге жарату алымының ақшалай қаражатын иеленген "ӨКМ Операторы" ЖШС-нің бұрынғы құрылтайшысы Муктарова Шнар Уралгазыновна күдіктелуде. Шнар Муктароваға іздеу жарияланды және оған қатысты сот "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Егер сізде оның орналасқан жері туралы ақпарат болса, Агенттіктің көрсетілген телефондарына хабарлауыңызды сұраймыз: call-центр 1424; +7 (7172) 909 260, - делінген ведомство хабарламасында.
Іздестіріліп жатқан адамға қатысты мәлімет берген адамға 4 000 айлық есептік көрсеткішке (12 млн 720 мың теңге) дейін сыйақы беріледі.
Orda.kz ақпарат көзінің хабарлауынша, Шнар Мұқтарова ӨКП Оператор компаниясының жалғыз ресми иесі болғанға дейін Қазақстанның тұңғыш президентінің кенже қызы Әлия Назарбаеваның хатшысы болып жұмыс істеген.
Пікір қалдыру