Қазақстан темір жолы компаниясының баспасөз қызметі елдегі аптап ыстыққа байланысты пойыз қозғалысының жылдамдығына шектеу қойылғанын хабарлады.
Компания хабарламасында қазіргі уақытта солтүстік және шығыс облыстарда ауа температурасы +40°С, оңтүстік және батыс облыстарда +45°С дейін көтеріліп, бұл рельстердің + 58°С - 62°С-қа дейін қызуына әкеліп соғатынын айтылған.
"Сондықтан "Қазақстан темір жолы" ҰК АҚ қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында пойыздар қозғалысының жылдамдығына шектеулер қойып отыр. Осыған байланысты пойыздар діттеген жеріне кешеуілдеп жетеді. Компания келтірілген қолайсыздықтарға жолаушылардың түсіністікпен қарауын сұрайды. Қолайсыз ауа-райы пойыз машинисінің жұмысын да айтарлықтай қиындататыны бар. Локомотив бригадаларына аптап ыстық кезінде пойыздарды ерекше тәртіпте ұстау тапсырылды" делінген ҚТЖ ақпаратында.
Пікір қалдыру