• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 06:58:38
Алматы
+12°

Ресейлік RBK басылымы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев үшін Елбасы статусынан айырылу нені білдіреді деген сауалға жауап іздеп, бірқатар сарапшыны сөзге тартқан.

Е.М. Примаков атындағы әлемдік экономика мен халықаралық қатынастар бойынша Ресей ұлттық зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері Станислав Притчин "қазіргі президент биліктен бұрынғы элитаны аластатуға тырысып жатыр, Елбасы туралы заңның күшін жою Тоқаев пен Назарбаев тобы арасындағы астыртын текетіресті көрсетеді" деген пікірде.

Сарапшы Назарбаевтың үлкен саясатқа оралу мүмкіндігі жоғын, оның ендігі міндеті кланының мүддесін қамтамасыз ету екенін айтады. 

Притчин Назарбаев 2020 жылғы қаңтарға дейінгі кезеңге қарағанда жетекші ойыншы емес, бірақ саяси, экономикалық алаңда ірі фигура деп санайды.
 
Орталық Азия бойынша эксперт Аркадий Дубновтың пікірінше, Назарбаев тәуелсіз Қазақстан символдарының бірі ретінде қалуға тырысады, әрі солай болады да. Бірақ ол тәуелсіз Қазақстанның негізін қалағандардың бірі ретінде аталғанымен, Қытайда Мао Цзэдунды, Солтүстік Кореяда  Ким Ир Сенді ұлықтағандай, оны ұлықтау аңғарылмайды.
 
Аркадий Дубнов сондай-ақ Назарбаевты өзіне берілген артықшылықтан біртіндеп айыру қаңтардағы тәртіпсіздіктер бойынша сот процесіне әкелетін қадам болып шығуы ғажап емес деген ойда.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір