Журналист Динара Егеубаеваның көлігін өртеп кетті

/image/2023/01/14/crop-61_110_1369x2434_de3d6e3f-3f19-4fea-8465-872aca9f5651.jpeg

Әлдекімдер журналист, алдағы мәжіліс сайлауына түсетінін мәлім еткен Динара Егеубаеваның көлігін өртеп кетті.

Оқиға қаңтардың 13-інен 14-іне қараған түні болды. Көлік журналист үйінің ауласындағы тұрақта тұрған.

Ол өзін қорқыту әрекетін азаматтық белсенділігімен байланыстырады.

Динара Егеубаева қаңтар оқиғасынан кейін желідегі парақшасы арқылы азапталған азаматтардан, билікке сыни көзқарастағы түрлі саясаткер, саясаттанушы азаматтардан сұхбат алып, позициясын ашық білдіріп келеді.

Ол жақында бірнеше азаматтық белсенбімен  бірге "Алтыншы қаңтар" деген атпен тәуелсіз блок құратынын, алдағы мәжіліс сайлауына қатысатынын жариялаған.

Динара Егеубаева билік азаматтық қоғам үнін естимейтіндіктен билікке жақындауға тура келіп отырғанын атап өтіп, сол үшін бір округтік мандаттан алдағы мәжіліс сайлауына түсетінін мәлім еткен.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар