2021 жылғы желтоқсан айының соңында ет өнімдері бағасының қымбатшылығы бір жылда 16,6% пайызды көрсетті, деп хабарлады energyprom.kz порталы.
Ең көп қымбаттаған өңір Маңғыстау облысы: бір жылда 22,6%. Одан кейін Павлодар (21,7% қымбаттады) және Солтүстік Қазақстан (21,5% қымбаттады) облыстары. Баға бір жылда ең аз қымбаттаған өңір Ұлытау облысы: 9,7%.
Ет пен құс еті жылдық динамикада 15,4%, шұжық өнімдері 22,2%, ет өнімдері 15,9% қымбаттады. Ет өнімдерінің ішінде құс еті – 29,4%, жылқы еті – 16,7%, шошқа еті – 14,3%, қой еті – 12,9%, сиыр еті – 10,1% қымбаттаған. Шұжық өнімдерінің ішінде пісірілген шұжық бағасы 23,6%, жартылай ысталған шұжық 22,2%-ға өскен..
2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдайға сәйкес, бір жылда Қазақстанда ешкі мен шошқадан басқа мал басы көбейген.
Жылқы саны бір жылда 12,1% артып, 3,7 млн басқа, түйе – 8,6% көбейіп 260,5 мың басқа, ірі қара – 5,2% көбейіп 8,5 млн басқа, қой – 4,4% көбейіп 19,6 млн басқа, құс – 1,1% көбейіп 50,8 млн басқа жеткен.
Пікір қалдыру