2023 жылдың 1 сәуіріндегі есеп бойынша 4575 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. Ал Тәуелсіздік алғалы бері 1 миллион 111,1 мың қазақ елге оралған, деп хабарлайды ҚР халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, биылғы жылдың басынан бері Қазақстанға келген қандаслардың жартысынан көбі Өзбекстаннан, 19,3% Қытайдан, 13% Ресейден, 6,3% Түркіменстаннан, 5,3% Моңғолиядан келген.
Олар негізінен Алматы, Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл облыстарына қоныстанған.
Биылға жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті қандастардың саны 69,1 пайызды құраса, 22,3 пайызы еңбек жасына толмаған, ал 8,6 пайызы зейнеткер.
Пікір қалдыру