Шымкентте екінші топ мүгедегінен 10 мың теңге пара алған шенеунік ұсталды

/image/2023/06/20/crop-0_12_673x1197_636de8d3c22f2665483299.jpg

Шымкентте еңбек және әлеуметік қорғау департаментінің жетекшісі екінші топ мүгедегінен пара алған. Ол азаматтың мүгедектігін тағы да созып беру үшін ақша сұраған.

10 мың теңгені қалтасына басқан департамент жетекшісі әрекеті үшін сот залынан бір-ақ шықты. Оған 250 мың теңге мөлшерінде айыпұл салынып, мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге өмір бойына тиым салынды.

"Бұл халықтың осал тобына қатысты жасалған өте ауыр қылмыс. Осыған байланысты біздің департамент бірқатар іс-шаралар өткізді. Нәтижесінде еңбек және әлеуметтік қорғау департаменті № 5 бөлімінің басшысына қатысты пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Ол басшы лауазымды атқара отырып, делдал арқылы екінші топтағы мүгедек азаматқа мүгедектік мерзімін ұзарту үшін 10 мың теңге пара алған", – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бөлім басшысы Олжас Тобашов.

Шенунікке қатысты іс материалдары сотқа жіберілді, деп хабарлады Otyrar.kz

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар