Астанада Kaspi банк бөлімшесінде банк қызметкерлерін кепілге алған күдікті екі айға қамалды.
20 маусымда Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Алихан Мурадовты екі айға қамау туралы шешім шығарды. Бұл туралы соттың ресми сайты мәлімдеді.
Еске сала кетейік, 18 маусым күні қарулы ер адам Астандағы Kaspi банк бөлімшесінде адамдарды кепілге алған болатын. Кейін полиция кепілге алынған адамдар босатып, қылмыскерді құрықтаған еді.
Пікір қалдыру