06 Ақпан, 2024 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Бүгін премьер-министр болып Олжас Бектенов тағайындалды. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент отырысында хабарлады.
"Біздің барлық іс-әрекетіміз Әділетті Қазақстанды құруға сай болуы тиіс. Ең алдымен экономика саласына жаңа серпін беру керек. Бұл жұмысты сөз жүзінде емес, іс жүзінде іске асыратын уақыт жетті. Қазір мемлекеттік сатып алу жөніндегі заңнамалар жаңа сипатқа ие болды. Жалпы Үкіметтің жұмысына жаңа серпін беру керек деп ойлаймын. Сол себепті Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың отставка туралы шешімін қабылдадым. Қазір алдымызда ауқымды жоспарлар күтіп тұр. Осыған байланысты Үкімет басшысы ретінде Олжас Абайұлының кандидатурасын қолдаймын", деді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұған дейін Үкімет басшысы міндетін уақытша атқару Роман Склярға жүктелген еді.
Олжас Бектенов 1980 жылы 13 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. Мамандығы – заңгер. Еңбек жолын Алматы қаласы әділет басқармасында бас маманы болып бастаған. ҚР Президент әкімшілігі, Әділет министрлігі, ҚР экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлық қарсы күрес агенттігінің орталық аппаратында түрлі қызмет атқарған. Ал 2022 жылы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болды. Содан кейін ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалған еді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір