Батыс Қазақстанда аң аулау кезінде оқушыға оқ тиді

/image/2024/02/06/crop-146_12_784x1045_news_full1639635550dca690b31a9728c8bbb034479a53f7ce.jpg

     Аудан орталығы Чапаев ауылынан 11 шақырым жерде аң аулау кезінде 29 жастағы ер адам абайсызда аңшы мылтығынан 17 жастағы жасөспірімге қарай оқ атқан.

    - Салдарынан жасөспірім ауруханаға жатқызылды. ҚР ҚК 114-бабы 3-бөлігіне (абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтiру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Аталмыш бап бойынша айыпты деп танылған адам бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады, - делінген ақпаратта.

    БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 3 ақпан күні Ақжайық ауданы аумағында болды.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар